Тақырып. Бірөлшемді массивтер

СОӨЖ өткізу түрлері: есепті шешу.

Әдістемелік ұсыныс: Вариантта көрсетілгендей бірөлшемді массивті өңдеуді жүзеге асыру. Алгоритмнің блок- сұлбаны құру және программасын жазу.

Тапсырмалар варианттары:

1. N өлшемді массив берілген. Массив индекстерін оларға сәйкес элементтер өсу реті бойынша түзілетіндей тәртіпте шығару.

2. N өлшемді массив берілген. Алдымен оның жұп индексті элементтерін шығару, сосын – тақ индекстісін шығару.

3. Өлшемі 10-ға тең А массиві берілген. A[1] < A[i] < A[10] теңсіздігін қанағаттандыратын A[i] элементтерінің ішінен біріншісінің нөмірін шығару. Егер мұндай элементтер болмаса, онда 0 мәнін шы Тақырып. Бірөлшемді массивтерғару.

4. Өлшемі 10-ға тең А массиві берілген. Жұп сандарына бірінші элементті қосып , массивті жаңа массивке түрлендіру. Массивтің бірінші элементі өзгеріссіз қалмақ.

5. N өлшемді массив берілген. Массивтің жұп элементтерін, содан кейін – тақ элементтерін шығару.

6. 10 өлшемді массивтің минимальды мен максимальды элементтерінің орындарын алмастыру.

7. 10 өлшемді массивтің оң сандық элементтерін минимальды мәнге алмастыру.

8. 10 өлшемді массив берілген. Массивтің минимальды мен максимальды элементтерінің арасындағы тұрған элементтерді кері тәртіппен орналастыру.

9. N өлшемді массив берілген. Массивтің элементтерін бір позицияға солға қарай циклдық жылжытуды жүзеге асыру.

10. N өлшемді массив пен k (0 < k < 5, k < N) саны берілген. Массивтің элементтеріні Тақырып. Бірөлшемді массивтерң k позицияға оңға қарай циклдық жылжытуды жүзеге асыру.

11. N өлшемді массивтің элементтерінің арифметикалық прогрессияны түзетіндігі тексеру қажет. Егер Иә болса прогрессияның айырымын шығару, егер болмаса – 0 шығару.

12. N өлшемді нөлдік емес бүтін санды массив берілген. Оның ішінде тақ пен жұп сандары кезектескенін тексеру. Егер кезектессе 0 шығару, егер кезектеспесе, онда бұл заңдылықты бұзатын бірінші элементтің нөмірін шығару.

13. N өлшемді массив берілген. Оның жергілікті минимумын табу.

14. N өлшемді массив берілген. Оның жергілікті минимумдары арасында максимальдысын табу.

15. N өлшемді массив берілген. Оның злементтері бір қалыпты өсетін жерлеріні Тақырып. Бірөлшемді массивтерң санын анықтау.

16. N өлшемді массив пен R нақты сан берілген. Оның бір қалыптылық аралықтарының санын (оның элементтері өсетін немесе кемитін жерін) анықтау.

17. N өлшемді массив пен R нақты сан берілген. Берілген санға ең жақын болатын массивтің элементін табу.

18. N өлшемді массив пен R нақты сан берілген. Қосындылары берілген санға жуық мән беретін екі элементті табыңыз.

19. N өлшемді массив берілген. Бұл массивтегі екі ең жақын сандардың нөмірлерін табу.

20. N өлшемді массив берілген. Оның бірдей элементтерінің максимальды санын табу.

21. N өлшемді массив берілген. Екіден кем Тақырып. Бірөлшемді массивтер рет кездескен элементтерін алып тастау.



22. N өлшемді массив берілген. Егер ол құрамында 1 ден N дейінгі сандарды қамтыса, онда нөлді шығару, әйтпесе бірінші кездескен ретсіз элементінің нөмірін шығару.

23. N өлшемді массив берілген. Барлық оң элементтің алдына нөлдік элементті қосып өзгерту.

24. N өлшемді массив берілген. Серия деп қатар келе жатқан бірдей элементтердің тобын атаймыз, ал серияның ұзындығы деп – ол элементтердің санын (серияның ұзындығы 1 тең болуы мүмкін) белгілейміз.. Берілген массивтің барлық серияларының ұзындығын қамтитын массив шығару.

25. N өлшемді массив берілген. Әр серияға бір элементті қосып өзгерту.

26. N өлшемді массив берілген Тақырып. Бірөлшемді массивтер. Бірінші кездескен ең ұзын серияға бір элементті қосып өзгерту.

27. N өлшемді массив берілген. Әр сериядан кейін нөлдік элементін қойып шығу.

28. N өлшемді массив пен k саны берілген. Массивтің соңғы және k-ші серияларының орындарын ауыстыру. Егер массивте сериялардың саны k-дан төмен болса, онда массивті өзгертпей шығару.

29. N өлшемді массив пен k саны берілген. Сериялардың ұзындығы k –ға тең барлық серияларды массивтен алып тастау.

30. N өлшемді массив пен k саны берілген. Cерияның ұзындығы k саннан кіші әрбір серияны бір нөлдік элементке ауыстырып отыру.


Бақылау мысалы.А(10) массиві берілген Тақырып. Бірөлшемді массивтер. Массивтің барлық элементтерінің әртүрлі екенін анықтау.


program primer4;

var a:array[1..10] of integer;

i,j:integer;

begin

writeln('массивтің 10 элементтерін енгізіңіз');

for i:=1 to 10 do readln( a[i] );

for i:=1 to 9 do begin

for j:=i+1 to 10 do begin

if a[i]=a[j] then break;

end;

if j<10 then break;

end;

if i<9 then writeln(' массивте бірдей элементтері бар')

else writeln('массивтегі барлық элементтер әртүрлі');

end.

Негізгі әдебиет:1 [37-43, 97-99], 2 [123-132], 3 [42-59], 4 [7-11]

Қосымша әдебиет:2 [95-106].


documentaemjref.html
documentaemjyon.html
documentaemkfyv.html
documentaemknjd.html
documentaemkutl.html
Документ Тақырып. Бірөлшемді массивтер